Видеода оның шығатын жер іздеп, қабырғаға өрмелегені көрінеді. Ролик авторлары жыртқыш аңды далаға шығарып жіберді.
ERNUR.KZ. Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісіне түлкі кіріп кетті. Оқиға 34-ші шағын аудандағы "Сандықтас" тұрғын үй кешенінде болды, деп жазады sputnik.kz.
Түлкінің бұл жерге қалай жеткені белгісіз.
Видеода оның шығатын жер іздеп, қабырғаға өрмелегені көрінеді. Ролик авторлары жыртқыш аңды далаға шығарып жіберді.
"Тұрғындар түлкіні пәтерде ұстады деп ойламаймын. Бұл ең шеттегі үй, дала суық болғандықтан, түлкі даладан қашып келді деп ойлаймын", - деді "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағандыда көліктің ішіндегі арыстанның суреті жарияланған болатын. Ол жергілікті хайуанаттар бағынан екені анықталды. Алайда жеңіл көлікпен тасымалдауға рұқсат болмаған. Полиция тексеріс жүргізеді.