Ақтауда жасөспірім қыз көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды

0
441

Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырды.


Ақтауда жасөспірім қыз көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды

ERNUR.KZ. Ақтауда полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған 17 жасар қызды құтқарып қалды, деп жазады inbusiness.kz.

22 мамыр күні полиция инспекторлары Исламбек Шаржан мен Әзімбек Саттар, патрульдік полицейлер Ғалым Қожамұратов пен Руслан Жұмабаев 27-шағын аудан мекенжайына жедел шақырту бойынша барды.

"Шатырға көтерілген полицейлер 17 жастағы қызға төменге секіруге жол бермей, оны ұстап қалып, отырған жерінен көтеріп алды",делінген хабарламада.

Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырды. Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға тапсырылды.