Ақтаудағы жерлеу рәсімі: ІІМ қызметтік тергеу бастады

0
753

Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшылығы карантин режимін бұзудың алдын алу бойынша уақтылы шараларды жүргізбеген.


Ақтаудағы жерлеу рәсімі: ІІМ қызметтік тергеу бастады

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі Ақтаудағы жерлеу рәсіміне қатысты қызметтік тергеу бастады, деп жазады Tengrinews.kz.


"Ақтау қаласындағы жәрлеу рәсіміне адамдардың жаппай жиналуына қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды", - дейді ІІМ-ның баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысында 3-17 тамыз аралығында бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша қатаң шектеу шаралары енгізілген.

"Адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынды. Алайда өңірде қатаң шектеу шараларының енгізілуіне қарамастан Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшылығы карантин режимін бұзудың алдын алу бойынша уақтылы шараларды жүргізбеген", - дейді ІІМ-ның баспасөз қызметі.

Еске салайық, Ақтауда тұрғындар бас полицей мен бас санитар дәрігердің қызметтен кетуін талап еткен. Себебі, облыста бұрынғы бас полицей анасы қайтыс болған. Шектеуге қарамастан жерлеу рәсіміне көп адам жиналған.