Ақтөбе облысында 52 шетелдік, оның ішінде бір бала құтқарылды

0
129


Ақтөбе облысында 52 шетелдік, оның ішінде бір бала құтқарылды

ERNUR.KZ. Самара-Шымкент тас жолында түн ортасында көлік істен шығып, жолаушылары құтқарылдықты, деп жазады Ulysmedia.kz.


Ведомствоның хабарлауынша түнде "Самара-Шымкент" тас жолында жолаушылар автобусы бұзылып, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында тұрып қалған.

“ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан жақын маңдағы Ырғыз ауылының жылыту пунктіне 52 жолаушыны, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады”, деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.

Көпшілігі Өзбекстан Республикасының азаматтары және 6 адам Тәжікстан Республикасының азаматтарынан құралған жолаушылар тобы осы сәтте басқа автобуспен баратын жеріне кетті. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес.