Ақтөбе облысында әкім өз-өзіне қол жұмсамақ болған

0
114

Шенеуніктің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.


Ақтөбе облысында әкім өз-өзіне қол жұмсамақ болған

фото: Midjourney

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты ауылдардың бірінің 47 жастағы әкімі суицид жасауға әрекеттенді. Оқиға 7 шілдеде болған, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға туралы ресми түрде Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев мәлімдеді. Оның айтуынша, жұбайы бұл әрекеттің алдын алған.

"Осыдан кейін бірден ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Нақты себебін айта алмаймын. Бұл жеке мәселе", – деді Шүйіншәлиев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әкімнің қазіргі жағдайы тұрақталғанын растады.

"47 жастағы ер адам 7 шілдеде Алға аудандық ауруханасына түсті. Жағдайы тұрақты, жалпы палатада жатыр", – деп нақтылады ведомство.
Шенеуніктің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Полиция тергеуді бастады.
"Суицид әрекетіне қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс аясында басқа ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.