Ақтөбе облысында қызды құтқарамын деп ажал құшқан жігіттің артында 6 баласы қалды

0
92

17 маусымда Байғанин ауданына қарасты Көлтабан ауылдық округіндегі Жарлы ауылында, үй ауласында орналасқан тереңдігі шамамен 10 метр, қоқысқа толы құдыққа 9 жастағы қыз бала құлап кеткен.


Ақтөбе облысында қызды құтқарамын деп ажал құшқан жігіттің артында 6 баласы қалды

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Қаза тапқан Н.Бердіғалиев Ақтөбе облысы Байғанин балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болған, деп жазады inbusiness.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Н.Бердіғалиев 2017 жылдың қыркүйек айында Жарлы ауылына қоныс аударып, спорт жаттықтырушысы қызметін бастады.

– Сол уақыттан өмірінің соңына дейін 40-қа жуық Республика, облыстық деңгейдегі жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындады. Сонымен қатар 20 шәкірті Қазақстан Республикасының "Спорт шеберлігіне үміткер" нормативін орындады. Оның артында 6 баласы қалды, – делінген хабарламада.

17 маусымда Байғанин ауданына қарасты Көлтабан ауылдық округіндегі Жарлы ауылында, үй ауласында орналасқан тереңдігі шамамен 10 метр, қоқысқа толы құдыққа 9 жастағы қыз бала құлап кеткен.

Жеткіншекті құтқармақ болған 38 жастағы ер адам құдыққа түскен, алайда қайта шыға алмаған.