Ақтөбе облысында мұнайды заңсыз өндірген кен орны анықталды

0
519

Компания заңсыз мұнай өндіруді 2022 жылдан бері консервациялануға тиіс мұнай кенішінде жүргізген.


Ақтөбе облысында мұнайды заңсыз өндірген кен орны анықталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында мұнай кен орнында шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз шикі мұнайды заңсыз өндіру, өңдеу және сақтау фактісінің жолы кесілді, деп жазады sputnik.kz.

Ведомствоның мәліметінше, компания заңсыз мұнай өндіруді 2022 жылдан бері консервациялануға тиіс мұнай кенішінде жүргізген.
"Қазіргі уақытта компания бас директорының орынбасары ұсталды. Оған қатысты сот 2 айға дейін "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген агенттік хабарламасында.
Тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.