Ақтөбе облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

0
2 559

Пойызда мұнай компаниясының жұмысшылары болған.


Ақтөбе облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

ERNUR.KZ. 24 наурызда Жем қаласына кіре берістегі теміржол өткелінде пойыз бен "Нива" автокөлігі соқтығысты, деп жазады zakon.kz.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, пойызда мұнай компаниясының жұмысшылары болған.

Мұлғаржар ауданында орын алған жол апаты салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тергеу амалдары қолға алынды.

Бұған дейін наурыз айының басында Ақтөбе облысында локомотив жолаушылар пойызымен соқтығысқан болатын.