Ақтөбе облысында шахтада төтенше жағдай болды - үш адам зардап шекті

0
153

Монтаждау жұмыстарын жүргізген үш адамның беті мен қолы күйген.


Ақтөбе облысында шахтада төтенше жағдай болды - үш адам зардап шекті

фото: AP Photo / Luca Bruno

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының "Болашақ" шахтасында төтенше жағдай болды, деп жазады sputnik.kz.
"Монтаждау жұмыстарын жүргізген үш кезекші электр слесарі зардап шекті. Қызметкерлердің беті мен қолын күйіп қалды", - дейді компаниядағылар.
Зардап шеккендер Хромтау қаласының орталық ауруханасына жеткізілген. Екі жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.
"Үш адам түрлі дәрежедегі күйік алып, жедел жәрдем бригадасымен Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Екі науқас ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, үшінші науқас травматология бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы орташа ауыр", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.