Ақтөбе облысында тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

0
223


Ақтөбе облысында тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы 9 қарашада Ми-8 тікұшағы құлаған кезде аман қалған екі адамның жағдайы туралы айтты. Қазір аптқа байланысты қылмыстық іс қозғалған, деп жазады Stan.kz.




Ведомство өртеніп кеткен тікұшақтан зардап шеккендердің Ақтөбе стационарында екенін жеткізді.

"Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр. Науқастар естерін жиды, сұрақтарға жауап береді", – деді ведомство.

Басқарма нақтыланғандай, Сарыжар ауылында тікұшақтың қатты қонуы туралы хабарлама "103" қызметіне сағат 11:36-да келіп түскен.

"Бұл жерде екі науқасқа Мәртөк аудандық ауруханасының жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетті. Бір жәбірленуші 103 келгенге дейін қайтыс болды. Ақтөбеде пациенттерді әуеайлақта екі реанимациялық бригада қарсы алды. Аралас жарақат алған екі науқас көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір зардап шеккендер ОРИТ бөлімшесінде, диагностика жүргізілуде", – деп қосты ведомство.

"Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.