Ақтөбе облысында зейнеткер мен оның немересі суға батып кетті

0
230

Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.


Ақтөбе облысында зейнеткер мен оның немересі суға батып кетті

Фото: Istock.com

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Құдықсай ауылының 66 жастағы тұрғыны мен оның 8 жасар немересі суға батып кетті, деп жазады stan.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 маусымда ер адам немересімен "Тойота Хилюкс" көлігімен Бозжыра ауданына қарай кетіп, үйіне оралмаған. Келесі күні іздеу-құтқару жұмыстары басталды.

“26 маусым сағат 19:30-да Ор өзенінің арнасын тексеру кезінде құтқарушылар суға батып кеткен көлікті тапты. Жағадан 4 метр қашықтықта 2,5 метр тереңдіктен сүңгуірлер баланың денесін алып шықты. Көлік пен ер адамның денесі де шығарылды”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Құтқарушылар азаматтарды су айдындарына жақын және жету қиын жерлерде қозғалу кезінде сақтық шараларын сақтауды, төтенше жағдай орын алған жағдайда дереу 112 телефонына хабарласуды сұрайды.