Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік азамат қаза тапты

0
915

Жолда Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан.


Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік азамат қаза тапты

ERNUR.KZ. Адам өліміне әкелген оқиға 3 наурызда Самара-Шымкент тас жолының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңында болды, деп жазады tengrinews.kz.

Жолда Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан. DAF автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы оқиға орнында қаза болды.

Соталды тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Ырғыз ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Санат Имантаев жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға үндеді.