Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды

0
115

​Қайғылы оқиға 3 тамыз күні түнгі сағат 01:30 шамасында болды.


Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы болып, бірнеше адам зардап шекті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген мәліметінде қайғылы оқиға 3 тамыз күні түнгі сағат 01:30 шамасында Алға-Ақтөбе автожолында, яғни Алға қаласының маңында болғаны айтылды. Жолда Toyota Camry және Toyota Highlander көліктері соқтығысқан.

«Жол апатының салдарынан Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Camry жүргізушісі мен Highlander көлігінің бір жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мұқият әрі жауапты болуға шақырды.