26,1 шақырым арық тазартылып, 10 489 текше метр инертті материал әкелінді.
ERNUR.KZ. ТЖ департаменті мен ЖАО күштерімен көшелерден, тас жолдардан және аула аумақтарынан еріген қар суларын сору жұмыстары жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, қазір облыс бойынша барлығы 361 мың текше метрден (тәулігіне 33 100 текше метр) астам су айдалды.
"26,1 шақырым арық тазартылып, 10 489 текше метр (тәулігіне 2505 мың текше метр) инертті материал әкелінді және 15 690 дана (тәулігіне 9 600 дана қап) қапшықтар төселді (Байғанин, Қобда, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Шалқар аудандарында). Ұзындығы 175 метр уақытша бөгет салынды (Мәртөк ауылы), ұзындығы - 500 метр жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді (Қобда ауылы – 400м, Мәртөк ауылы – 50 м). Облыс бойынша елді мекендерден 524,9 мың текше метрден астам қар шығарылды. Су бұру каналы қазылды – 200 метр (Ақтөбе қаласында Сая тұрғын алабы)", - делінген хабарламада.
Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді.
Жалпы, өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларға 138 ассенизатор, 415 бірлік арнайы техника, 20 мобильді бригада, 474 адам жұмылдырылды.