Ақтөбе облысындағы жол апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қалай

0
119

12 адам қаза болған жол апаты кезінде 6 жолаушы ауыр жарақат алды.


Ақтөбе облысындағы жол апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қалай

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев кешегі жол апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы жайында айтып берді, деп жазады sputnik.kz.
12 адам қаза болған жол апаты кезінде 6 жолаушы ауыр жарақат алды. Барлығы Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген болатын. Олардың арасында 16 жастағы жасөспірім де бар.
Ерлан Сұлтангереевтің айтуынша, жасөспіріммен бірге екі адамды Ақтөбеге жіберуге шешім қабылданды.
"Бүгін біз санавиациямен үш пациентті қалаға апарамыз. Олардың арасында 16 жастағы бала да бар. Оның жағдайы ауыр. Жасөспірімді алып кетуге арнайы бригаданы жібердік. Олар тасымалдау кезінде баланың жанында болады", - деді басқарма басшысы журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, кешегі жол апатында зардап шеккен 4 адам жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Ал екеуі жалпы бөлімде ем қабылдап жатыр.