Ақтөбеде 13 жастағы баланы КамАЗ қағып мерт қылды

0
124

КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі артқа шегінгенде велосипед айдап жүрген жасөспірімді соққан.


Ақтөбеде 13 жастағы баланы КамАЗ қағып мерт қылды

Фото: canva

ERNUR.KZ. Оқиға Мұғалжардың Қандыағаш қаласында болды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасынан соң қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

– Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі артқа шегінгенде велосипед айдап жүрген жасөспірімді соққан. Жасөспірім алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқиға бүгін түсте Қандыағаш қаласындағы С. Сейфуллин көшесінде болды. Ол жерде орталық саябақ бар.