​Ақтөбеде 3 және 5 жастағы балалар суға батып кетті

0
112

Қайғылы оқиға 10 тамыз күні Алматы ауданына қарасты Ясное-2 тұрғын алабында болды.


​Ақтөбеде 3 және 5 жастағы балалар суға батып кетті

фото: inform.kz.

ERNUR.KZ. Қайлығы оқиға Ақтөбе қаласы Ясное-2 тұрғын алабы аумағында болды. Екі баланың денесін құтқарушылар 3 метр тереңдіктен алып шықты, деп жазады inform.kz.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 10 тамыз күні Алматы ауданына қарасты Ясное-2 тұрғын алабында болды. 2020 және 2022 жылы туған екі баланы іздестіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

– Облыстық ТЖД-нің жедел-құтқару жасағы балалардың денесін шомылуға тыйым салынған аймақтан, жағадан шамамен 2 метр қашықтықта және 3 метр тереңдіктен тапты. Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен ересектерді су айдындарының жанында балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Баланы аз уақытқа болса да қараусыз қалдыру орны толмас қайғыға душар етуі мүмкін. Құтқарушылар кезекшілік ететін, арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылған дұрыс, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, шілде айында Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніне биыл 8-сыныпқа көшкен оқушы суға батып кетті. Іздестіру жұмыстарына облыстық ТЖД қызметкерлері, оның ішінде дрон және жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды.