Ақтөбеде 9 жастағы бала әткеншектен құлап қайтыс болды

0
236

Баланың миы жарақаттанған, бас сүйегінің түбі мен мойын омыртқасы сынған. Жедел жәрдем келгенге дейін жүрекке жасалған массаждан баланың қабырғасы сынып кеткен.


Ақтөбеде 9 жастағы бала әткеншектен құлап қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі Нұр-Ақтөбе кешенінде 9 жастағы жеткіншек әткеншектен құлап қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Қайғылы оқиға 18 қыркүйекте көпқабатты үйдің ауласында. Жедел жәрдем көлігі 7 минутта жеткен, бірақ баланы құтқару мүмкін болмаған.
"Жедел жәрдемге сағат 19:02-де шақырту түсті, оқиға орнына бригада 19:09-да жетті. Экипаж келгенде бала ес-түссіз жатқан. Жедел жәрдем келгенге дейін көршілер жүрекке массаж жасаған. 103 мамандары реанимацияға кіріскен, ол 30 минутқа созылған. Бірақ бәрі сәтсіз болды, 19:41-де бала қайтыс болды ", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Баланың миы жарақаттанған, бас сүйегінің түбі мен мойын омыртқасы сынған. Жедел жәрдем келгенге дейін жүрекке жасалған массаждан баланың қабырғасы сынып кеткен.
Полиция қылмыстық іс қозғаған.
"Кәмелетке толмағанның қайтыс болу фактісі бойынша ҚР ҚК 306-бабы 3-бөлігі бойынша "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр", - дейді облыстық полиция департаменті.