Оқиға 1 желтоқсан күні Ақтөбе қаласы Есет батыр ауданындағы көпқабатты үйдің ауласында болды.
Фото: видео кадрларынан
ERNUR.KZ. Ақтөбеде аулаға жүгіріп шыққан 3 жасар бүлдіршінді жол талғамайтын Toyota көлігі басып кетті. Бала ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп жазады stan.kz.
Оқиға 1 желтоқсан күні Ақтөбе қаласы Есет батыр ауданындағы көпқабатты үйдің ауласында болды. Оқиға ауладағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Әлеуметтік желіге жарияланған видеодан подъезден жүгіріп шыққан баланы көруге болады. Есік алдында тұрған көліктердің арасынан жүгіріп өтпек болған бүлдіршін көлік астында қалды. Баланы бір дөңгелегімен басып өткен Toyota автокөлігінің жүргізуші кейін көліктен түсіп, баланы шығарып алды.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты 345-бап Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы бойынша іс қозғалғанын хабарлады. 29 жастағы жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
“Бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасында. Жағдайы тұрақталғаннан кейін жарақат бөліміне ауыстырылды. Жабық бас ми жарақатын, жамбас сүйегі сынған. Алған жарақатына байланысты жағдайы ауыр деп бағаланады”,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау демартаментінің баспасөз қызметі.