Ақтөбеде бала күтуші үй иесін тонап кетті

0
88

Бала күтуші алтындарды біртіндеп жасырын алып кетіп, ломбардқа тапсырып отырған


Ақтөбеде бала күтуші үй иесін тонап кетті

фото: СС0 / Агзам Гайсин

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғыны ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Полицияның айтуынша, күдікті әйел биыл қаңтар айынан бастап Ақтөбеде бала күтуші болып жұмыс істеген. Сол кезде үй иесінің бірнеше зергерлік бұйымдарын ұрлаған. Көпбалалы отбасы бағалы бұйымдарының жоғалғанын наурыз айында бірақ біліп, полицияға хабарлаған.
Белгілі болғандай, үй иелері бала күтушіні әлеуметтік желіде хабарлама беру арқылы тапқан. Бала күтуші алтындарды біртіндеп жасырын алып кетіп, ломбардқа тапсырып отырған.
"Ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ұрланған заттардың ішінде алтын сырға, алқа, сақиналар бар. Жәбірленушіге келтірілген залал 3 миллион теңге", - дейді полицияда.
Ірі мөлшерде ұрлық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.