​Ақтөбеде бір күн бұрын хабарсыз кеткен ерлі-зайыптының денесі табылды

0
72

Ер адам асылып қалған.


​Ақтөбеде бір күн бұрын хабарсыз кеткен ерлі-зайыптының денесі табылды

Фото: instagram.com/zello.poisk

ERNUR.KZ. Әйелдің денесінде зорлық белгілері бар. Ал ер адам асылып қалған, деп жазады inform.kz.

Ақтөбеде кеше 40 жастағы Аманжол Алмағанбетов, оның әйелі Гүлжахан Шектібаева із-түзсіз кетіп, іздеу жұмысы жүргізілді. Олар Ақтөбе қаласы 41-разьездегі үйінен шығып, хабарсыз қалған. Бүгін екеуінің де денесі қала шетінен табылды.

— Полиция 1986 жылы туған әйелдің зорлық белгілері бар денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Одан кейінгі іс-шаралар барысында күйеуі асылып тұрған күйінде табылды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Қажетті процестік әрекеттер жасалып, аумақ тексеріліп, заттай дәлелдемелер жинақталып жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.