Оған медициналық көмек қажет болмады.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде құтқарушылар боранда жоғалып кеткен адамды тапты, деп жазады sputnik.kz.
1959 жылы туған ер адам ауа райының қолайсыздығына қарамастан мал жаюға кетіп, байланысқа шықпай қалған.
"Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының Құршысай тұрғын алабынан 8 шақырым жерден адасып кеткен адам табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ ауа райы нашарлаған кезде елді мекеннен шығу өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.