Ақтөбеде екі адам үйде темекі шегіп жатып өртеніп кетті

0
1 179

Ақтөбе қаласы Қорайлы селолық округында өртенген жеке үйден екі адамның мәйіті табылған. Оның бірі 76 жастағы қария болса, екіншісі 56 жастағы ересек адам.


Ақтөбеде екі адам үйде темекі шегіп жатып өртеніп кетті

Иллюстрациялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды

ERNUR.KZ Өрт сөндіру қызметінің мамандары Ақтөбе қаласы Қорайлы селолық округында өртенген жеке үйден екі адамның мәйітін шығарды - деп жазады Nur.kz.

Оның бірі 76 жастағы қария болса, екіншісі 56 жастағы ересек адам. Жеке үйдің түгі қалмай жанып кеткен.

"Оқиға 20 сәуір күні сағат 11:24 мезгілінде тіркелді. 101 қоңырауына Қорайлы ауылындағы жеке үйдің жанып жатқаны туралы хабар түсті. Құтқару тобы жедел жеткенімен екі адам үйде қалып қойған. Өрт сөндіру кезінде 76 жастағы әйел адам мен 56 жастағы ер адамның денесі табылды. Өрттің шығу себебі қауіпсіздіктің сақталмауынан деп болжанып отыр. Төсекте шылым шеккен",-дейді төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндіруге 4 техника мен 16 адам жұмылдырылған.