Ақтөбеде екі келін ата-енесінің үйінде төбелесіп қалды: оларға сот үкімі шықты

0
145

​Жағымсыз оқиға биыл мамыр айында болған.


Ақтөбеде екі келін ата-енесінің үйінде төбелесіп қалды: оларға сот үкімі шықты

Фото: freepik.com; ЖИ көмегімен жасалды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде №2 қалалық сот екі әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша («Дене ауруын келтіретін, бірақ жеңіл дәрежеде зиян келтірмеген ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері») үкім шығарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сот мәліметінше, 2025 жылдың мамырында енесінің үйінде екі келін арасында тұрмыстық жанжал туындаған. Оқиға барысында екеуі де сөзге келіп қалып, нәтижесінде екеуі де дене жарақатын алған.

Сот отырысында айыпталушылар өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда олардың оқиғаға қатысы жәбірленушілер мен куәгерлердің жауаптары, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдары арқылы дәлелденді.

Сот үкім шығару кезінде екі әйелдің де жас балалары барын ескеріп, бұл жағдайды жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды (ҚК 53-бап). Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен екі әйел де кінәлі деп танылып, әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 98 300 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазіргі таңда бұл үкім заңды күшіне енген жоқ және белгіленген тәртіп бойынша шағым жасауға болады.