Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті

0
258


Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбеде ТЖМ қызметкерлері құдыққа құлаған адамды құтқарды, деп жазады Zakon.kz.

Құтқару операциясы Астана ауданының "Жаңақоныс-2" тұрғын алабында өткізілді. 1960 жылы туған ер адам тереңдігі 3 метрге жуық ашық құдыққа түсіп, өз бетінше шыға алмаған.


ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, құдыққа баспалдақты орнатты, содан кейін ер адам жоғарыға көтерілді.

Құтқарылған адам үйіне жеткізілді. Құтқарушылар құдықты жауып қойды.