​Ақтөбеде әйелді ұрып-соқты деп күдікке іліккен депутаттың ісі қысқартылды

0
195

Байғанин ауданы Жарлы ауылының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы өзін депутат Болат Аяптың ұрғанын айтып, көмек сұрады.


​Ақтөбеде әйелді ұрып-соқты деп күдікке іліккен депутаттың ісі қысқартылды

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Байғанин аудандық мәслихатының депутаты Болат Аяпқа қатысты қылмыстық іс қысқартылды. Ол әйелді ұрып-соқты деген күдікке іліккен болатын, деп жазады inform.kz.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Қылмыстық кодекстің «Ұрып-соғу» бабымен тергеу жүрді, алайда қылмыс құрамы болмай, іс қысқартылды.

Байғанин аудандық мәслихатының депутаты Болат Аяп болса, қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.
Еске салсақ, Байғанин ауданы Жарлы ауылының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы өзін депутат Болат Аяптың ұрғанын айтып, көмек сұрады. Хабарламадан соң полиция тергеуді бастады. Ал Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы Марғұлан Сержанның мәліметіне сүйенсек, Болат Аяп №6 сайлау округінің депутаты. Ол депутат этикасы жөніндегі тұрақты комиссия болғанымен, әліптің артын бағатынын айтты.