Ақтөбеде оқушылар медициналық бетперде тағуға мәжбүр

0
663

Өйткені өңірде тұмау өршіп тұр.


Ақтөбеде оқушылар медициналық бетперде тағуға мәжбүр

иллюстрациялық фото

Осыған байланысты облыстың бас санитар дәрігері білім ошақтары мен көпшілік орындарда бетперде тағуға қатысты қаулы қабылдады. Дегенмен былтырғыдай ешкімді мәжбүрлей алмайды. Коронавирустан қорқып қалған жұрт баласының қауіпсіздігіне байланысты қаулыны қалтқысыз орындап та жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Мектебімізде СЭС мамандарының ұсынысымен барлық оқушы және мұғалімдер бетперде режиміне көшті. Оқушылардың арасында он шақты бала үйде емделіп жатыр. Бұл жағдай оқушылар, ұжым арасында жұқпалы аурулардың таралмауына жол бермейді", - дейді "Білім" мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақерке Мырзағұлова.
Өңірде тұмау тиегендердің дені – жүкті келіншектер мен балалар. Бұл дерттің коронавирусқа еш қатысы жоқ. Бірақ сақтану жолы – бір.
"Қаулыда негізгі ұсыныс – мектепке келген балаларға, келмей қалған балалардың себебіне мониторинг жасау және санитария дезинфекция режимін сақтау, бетперде тағуды ұсыну", - дейді Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова.
Тұмаудан бөлек, жедел респираторлы вирус жұқтырғандар да жетерлік. Осы айда суық тигізіп, дертпен ауырған 131 жүкті келіншекті дәрігерлер тіркеуге алыпты. Оның отыз шақтысы ауруханада жатыр. Ал бес жүздей бала үйде емделіп жатыр. Жұқпалы дерттің тез тарауына ауа райының құбылып тұрғаны себеп, дейді мамандар.