​Ақтөбеде оқушының денесі табылды

0
131

Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды.


​Ақтөбеде оқушының денесі табылды

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Ақтөбеде бүгін таңда ауладан оқушының денесі табылды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп жазады inform.kz.

Бүгін сағат 7:30 шамасында Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан кәмелетке толмағанның мәйіті табылды.

"Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мәйітте зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін анықтады. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық ветеринария басқарасының басшысы Айбек Сембайдың айтуынша, ит қапты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Қазіргі кезде тексеру жүріп жатыр. Баланың денесінде қандай да бір із, тістің басқаны белгісі жоқ", - деді Айбек Сембай.