Жол апатынан екі оқушы мен бір мұғалім көз жұмған.
ERNUR.KZ. Тас жолда болған жол апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты, деп жазады baq.kz.
19 желтоқсан күні таңертең Самара-Шымкент тас жолының Қызылжар ауылының маңында жол-көлік апаты болды.
Ақтөбе облысының білім басқармасының мәліметінше, жол апатынан екі оқушы мен бір мұғалім көз жұмған.
Басқарма түсіндіргендей, олар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алған екен.
Сондай-ақ қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны айтылады.
Оқиғаның қалған мәліметтері ақпарат болған кезде қосымша хабарланады, - делінген департамент мәліметінде.