Ақтөбеде орталық мамандары мүгедек балаларды ұрып-соққан

0
960

Қазіргі күні Ақтөбе қаласының прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу үшін Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жолдаған.


Ақтөбеде орталық мамандары мүгедек балаларды ұрып-соққан

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласының прокуратурасына №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жұмысшылар балаларды ұрып-соққан, деп жазады sputnik.kz.

Мекемені прокуратура қызметкерлері, қорғаншылық және қамқоршылық орган, Ақтөбе облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілдері, полиция және медицина қызметкерлері тексерген.
"27 сәуірде Ақтөбе қаласының прокуратурасына №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жұмысшылардың балаларды ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу арқылы №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің балаларды ұрып-соққан фактісі анықталды", - дейді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.
Қазіргі күні Ақтөбе қаласының прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу үшін Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жолдаған.