Ақтөбеде шаруашылық қожалықтың шөбі өртенді

0
494

Өрт 500 ш.м алаңда толықтай сөндірілді.


Ақтөбеде шаруашылық қожалықтың шөбі өртенді

ERNUR.KZ. Ақтөбелік құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп жазады baq.kz.

Бүгін Қобда ауданы, Жарық ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында шөптің жануы орын алды. Өрт таңға жуық уақытта басталды, желдің қатты болуына байланысты өртті сөндіру қиындық тудырды, - деді ТЖМ.

ТЖМ күшімен өрт ауыл-аймаққа таралуына жол берілмей, шаруашылық қожалық пен 30 рулон шөп құтқарылды.

Өрт 500 ш.м алаңда толықтай сөндірілді. Себебі анықталуда.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.