Ақтөбеде үйленген ер адам мектеп оқушысымен интимдік қатынасқа түсті деген күдікке ілінді

0
95

Белгілі болғандай, хат алмасу кезінде ер адам өзінің шын жасын жасырып, өзін жасырақ етіп таныстырған.


Ақтөбеде үйленген ер адам мектеп оқушысымен интимдік қатынасқа түсті деген күдікке ілінді

kazpravda.kz

ERNUR.KZ. Ақтөбеде кәмелетке толған ер адамға қатысты тергеу жүріп жатыр. Ол жоғары сынып оқушысымен интимдік қатынаста болды деген күдікке ілінген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар әлеуметтік желі арқылы танысқан, деп жазады ulysmedia.kz.

Белгілі болғандай, хат алмасу кезінде ер адам өзінің шын жасын жасырып, өзін жасырақ етіп таныстырған. Кейін олардың қарым-қатынасы жеке кездесулерге ұласқан деген болжам бар.

Осыдан кейін жасөспірімге медициналық көмек қажет болған. Қолда бар ақпаратқа қарағанда, оның бойынан ауыр инфекция анықталып, мектеп оқушысы ауруханаға жатқызылған.

Полиция берген жауабында бұл дерек бойынша Ақтөбе полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растады.

– Бұл дерек бойынша қазіргі уақытта Ақтөбе полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Барлық қажетті тергеу әрекеті аяқталғаннан кейін процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады ведомство.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның өзге де мән-жайларын жарияламады.