Ақтөбеде жаппай төбелесте бірнеше адам пышақ жарақатын алды

0
495

18-22 жас аралығындағы облыстың бірнеше тұрғыны жеткізілді.


Ақтөбеде жаппай төбелесте бірнеше адам пышақ жарақатын алды

ERNUR.KZ. Полицейлер төбелес қатысушыларын анықтап, ұстады, деп жазады baq.kz.

28 мамырда Ақтөбе қаласындағы Жедел медициналық көмек ауруханасына аяғының оқ және пышақ жарақаттарымен 18-22 жас аралығындағы облыстың бірнеше тұрғыны жеткізілді. Жеткізілгендердің бірі алынған пышақ жарақаттарынан реанимация бөлімшесінде қайтыс болды.

Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт азаматты «ізін суытпай» анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Адам өлтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмыстық істі тергеу барысы Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауында.