Ақтөбеде жасөспірім көпірден секірмек болған: оны полицей құтқарды

0
336

3 маусымда полицияға Сазды өзеніндегі көпірдің астында жасөспірім қыздың отырғандығы туралы хабарланған.


Ақтөбеде жасөспірім көпірден секірмек болған: оны полицей құтқарды

ERNUR.KZ. Оны полиция қызметкері құтқарып қалды, деп жазады ulysmedia.kz.

ІІМ ақпараты

3 маусымда полицияға Сазды өзеніндегі көпірдің астында жасөспірім қыздың отырғандығы туралы хабарланды. Ол жерге дереу учаскелік полиция инспекторы Фархат Нұрманов жіберілген.

Полиция қызметкері өзенге киімімен секірген баланы көріп, көмекке жүгірді. Учаскелік полицей 13 жастағы қызды өзеннен құтқарып алды. Жәрдемге жеткен әріптестері оны жағаға шығарысты.

Тексеру

Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Психологтар мен полицейлер жасалған әрекеттің себебін анықтауда. Тексеру жүргізіліп жатыр.