Ақтөбедегі автогаз құю станциясында көлік өртеніп, бір адам зардап шекті

0
133

Өртсөндірушілер оқиға орнына жоғары шақырту дәрежесінде шыққан.


Ақтөбедегі автогаз құю станциясында көлік өртеніп, бір адам зардап шекті

Видео кадры: t.me/diapazonnews

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі автогаз құю станциясындағы видеожазба тарады. Кадрларда көбік шашылған көлік пен жанармай құю бекетінде жүрген өртсөндірушілер көрінеді, деп жазады tengrinews.kz.

Ақтөбе облысы ТЖД тұрмыстық газ баллонына (25 литр) газ толтыру кезінде көлік өртенгенін хабарлады.



Өртсөндірушілер оқиға орнына жоғары шақырту дәрежесінде шыққан. Оқиға орнына құтқарушы-су асты сүңгуірлер отряды және апаттар медицинасы орталығының (АМО) мамандары да келген.
"Өртсөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді. Өрттің АГҚС резервуарлары мен инфрақұрылымына таралуына жол берілмеді", – делінген ведомство хабарламасында.

Басылым мәліметінше, АГҚС операторы зардап шеккен. Ол термиялық күйік алып, ауруханаға жеткізілген.