Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолында болған жол-көлік апатынан соң бірнеше қылмыстық іс қозғалды.
ERNUR.KZ. Алға аудандық соты рульде қалғып кетіп, жол-көлік апатына себепкер болған жүргізушіні үйқамаққа жіберді, деп жазады ҚазАқпарат.
Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолында болған жол-көлік апатынан соң бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Оқиға болған күні қамауға алынған спорт мектебі директорының орынбасары әрі жүргізуші қамауға алынды. Ал Алға аудандық соты оны үйқамаққа жіберуді ұйғарған.
«Тергеу органдары Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес күдіктіні қамауға алу туралы өтініш білдірді. Алға аудандық соты өтінішті қанағаттандырмай, екі ай мерзімге үйқамаққа алу туралы қаулы шығарды. Яғни, 2023 жылдың 17 ақпанына дейін. Қаулы заңды күшіне енген жоқ»,- деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жол-көлік апатынан соң Ақтөбеге Денсаулық сақтау вице-министрімен бірге үш дәрігер қоса келді. Олар ота жасалған балаларды қарап шықты.
Сонымен бірге аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің басшылары да осы іске жауапты. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің «Салғырттық», «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.