Астананың сол жағалауындағы тұрғын үй кешенінің жанынан жас жігіттің мәйіті табылды

0
93

Алдын ала болжам бойынша ол балконнан секіріп кеткен.


Астананың сол жағалауындағы тұрғын үй кешенінің жанынан жас жігіттің мәйіті табылды

фото: скриншот

ERNUR.KZ. Астанадағы «Лазурный квартал» атты тұрғын үй кешенінің жанынан бір ер адамның мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл оқыс оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде таралды. Кейін қалалық полиция департаменті оқиғаны растап, мәлімет берді.

«Суицид жасады деген факті бойынша тергеу басталды. Көшедегі камералардың бейнежазбаларын полиция тәркілеп алды», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Алдын ала болжам бойынша 26 жастағы жігіт балконнан секіріп, қаза тапқан.