Ақтөбелік инженер бірегей өрт сөндіру қондырғысын ойлап тапты

0
1 378

Ол өртті сумен немесе көбікпен өшіретін техникаға жатады


Ақтөбелік инженер бірегей өрт сөндіру қондырғысын ойлап тапты

ERNUR.KZ. Ақтөбеде инженер, мұғалім Амидулла Құрманбаев орманды дала өрттерін сөндіруге арналған қондырғы ойлап тапты, деп жазады Tengrinews.kz.

Өнертабыстың ерекшелігі, ол суды қажет етпейді. "АРАТ" өртті топырақпен өшіреді. "Топырақты 10-15 метрге дейін шашуға болады, - дейді "Технопарк Zere" ЖШС басшысы міндетін атқарушы Нұрлан Алдамжаров.

"Мен бұл құралмен ресейлік-қазақстандық төтенше жағдайлар оқуына қатысқанмын. Оны пайдалану оңай, бір адам басқара алады, су бітіп қалады деп алаңдаудың қажеті жоқ".

Өнертапқыштың айтуынша, әзірге ода патент қана бар, бірақ аккредитация ала алмай жүр екен. Ол өртті сумен немесе көбікпен өшіретін техникаға жатады.

Облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшысы бұл мәселені бақылауға алыпты.