Оқу орнының ұжымы студенттердің ата-аналарына елге адал, жауапты ұлдар тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.
Фото: instagram.com/zhaisankolledzh
ERNUR.KZ. Кей азаматтар әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген тұста, Ақтөбе облысының Ресеймен шекаралас Жайсаң ауылындағы колледж студенттері нағыз патриоттық үлгі көрсетті, деп жазады inbusiness.kz.
Колледж әкімшілігі бұл шешімді жастардың батылдығы мен азаматтық жауапкершілігінің жарқын көрінісі деп бағалап отыр.
– Олар оқуларын аяқтамағанына қарамастан, әскери қызметке баруды өз еріктерімен таңдады. Бұл – үлкен азаматтық ерлік. Мұндай қадам – елге деген шынайы құрмет пен оны қорғауға дайындықтың айғағы, – деді колледж басшылығы.