Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға толық мүмкіндік бар – Ахметжанов

0
948

Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты шешім өз күшіне енген.


Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға толық мүмкіндік бар – Ахметжанов

ERNUR.KZ. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Президент Жолдауын іске асыру бойынша өткен онлайн конференциясында Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға толық мүмкіндік бар екенін айтты, деп жазады baq.kz.

"Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты шешім өз күшіне енген. Бізде ҚХР-мен сотталғандарды беру бойынша келісімшарт бар. Алдымен одан жазасын Қазақстанда өтегісі келетіні туралы жазбаша мәлімдеме керек. Одан кейін ратификацияланған келісімге сәйкес, ҚХР прокуратурасына оны беру мүмкіндігі туралы өтінім хат жібереміз", - деді ол.
Ахметжанов атағандай, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылып отыр.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабы бойынша бізде де өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы бар. Оның ісі сәйкес келсе, келісімшартқа сәйкес, материалды зерделей отырып,оны жазасын осында өтеу бойынша экстрадициялауға толық мүмкіндік бар. Алайда оның тарапынан Бас прокуратураға жазаны Қазақстанда өтеу бойынша өтініш болған жоқ. Мәлімет бойынша, ҚХР-да заң енді күшіне енді. Бізге ресми өтінім түскен соң, жұмысты бастаймыз", - деді ол.