Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қайтарылғаны рас па – СІМ жауабы

0
2 190

2019 жылғы 27 желтоқсанда Гуанчжоу сотында есірткі заттарын тасымалдау ісі бойынша айыпталған Қазақстан Республикасының азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкім жарияланды.


Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қайтарылғаны рас па – СІМ жауабы

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әлеуметтік желідегі Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қайтарылғаны туралы ақпаратқа орай пікір білдірді, деп жазады inform.kz.

Бүгін ведомствода өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдері ресми өкілден: «Әлеуметтік желіде Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға оралды деген ақпарат жарияланды. Бұл қаншалықты рас?», - деп сұраған еді.

Айбек Смадияров ол ақпараттың жалған екендігін атап өтті.

«Бізде мұндай ақпарат жоқ. Ол расталмаған. Сіз Tik Tok-тағы ақпаратты айтып тұрған шығарсыз. Онда неше түрлі мәлімет жарияланада береді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Гуанчжоу сотында есірткі заттарын тасымалдау ісі бойынша айыпталған Қазақстан Республикасының азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкім жарияланды. Қытай соты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды.