Сотта жарыссөз басталды.
Фото: qrnews.kz
ERNUR.KZ. Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты бойынша сот отырысы жалғасты. Мемлекеттік айыптаушы Zeekr көлігінің жүргізушісін 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп жазады inbusiness.kz.
22 маусым күні сотта жарыссөз басталды. Прокурор соттан айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп тануды сұрады. Бұл – абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкелген алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы.
Прокурор сотталушыға қауіпсіздігі төмен мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
"Бұл іс бойынша шығарылатын үкім әрбір адамға нақты сабақ болуы керек. Басқа адамның өмірі үшін заң алдында қатаң түрде жауап беруге тура келеді", – деді прокурор сотта.


