Алакөлге дельтаплан құлады: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

0
480

Талдықорғаннан медициналық мекемеге нейрохирург және травматолог жіберілген.


Алакөлге дельтаплан құлады: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Дәрігерлер Алакөлге құлаған дельтапланның ішінде болған ер адам мен әйелдің қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді, деп жазады sputnik.kz.

Басқарманың мәліметінше, оларды жедел жәрдем машинасымен Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізген.
"Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды", - делінген хабарламада.
Олар қазір шокқа қарсы терапиядан, сонымен қатар толық клиникалық-диагностикалық тексерулерден өтіп жатыр. Талдықорғаннан медициналық мекемеге нейрохирург және травматолог жіберілген.
"Ауруханада пациенттерді емдеуге қажетті барлық дәрі-дәрмек бар. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады басқарма.
Айта кетері, төтенше жағдайлар министрлігі 25 шілдеде Алакөл көліне дельтаплан құлағанын хабарлаған еді. Құтқарушылар дельтапланнан суға құлаған екі адамды аман алып қалды. Кейін Азаматтық авиация комитеті апат бойынша тергеу жүргізілетінін айтты.