Алакөлге демалуға барған 17 жастағы қыз қайғылы жағдайға ұшырады

0
1 415

​Мәйітті қазып алу жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен Алакөл жағалауындағы құтқарушылар отряды жұмылдырылды.


Алакөлге демалуға барған 17 жастағы қыз қайғылы жағдайға ұшырады

ERNUR.KZ. Алматы облысының Алакөл ауданындағы Көктұма ауылында жар құлап, 17 жастағы қыз баланы топырақ басып қалды. Курортты өңірге бірнеше күн бұрын келген демалушы алған ауыр жарақатының салдарынан көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.

Мәйітті топырақ астынан қазып алу жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен Алакөл жағалауындағы құтқарушылар отряды жұмылдырылды.

Қазір осы оқиғаға байланысты арнайы жұмысшы тобы құрылып, қайғылы оқиға болған жер тексеріліп жатыр.

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қанағатовтың айтунша, биыл 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, Алакөлдің Ақши және Көктұма ауылдарының тұсындағы жағалауын нығайту жұмыстары басталған.