Алакөлге ТМД елдерінен ұшақтар қатынайтын болады

0
441

Қазір Алакөлге Нұр-Сұлтан, Алматы және Талдықорған қаласынан ұшақтар қатынауда.


Алакөлге ТМД елдерінен ұшақтар қатынайтын болады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты, деп жазады baq.kz.

Алматы облысының әкімі Алакөл туристік аумағындағы инфрақұрылымды жақсарту аясында ондағы әуежай қайта жөндеуден өтетінін айтты.

Қазір Алакөлге Нұр-Сұлтан, Алматы және Талдықорған қаласынан ұшақтар қатынауда. Оның үстіне көрші елдерден Алакөлге ұшып барғымыз келеді деген ұсыныстар келіп түсуде. Ал, ондағы ұшу-қону жолағыныңі қазіргі жағдайы оған мүмкіндік бермей отыр. Сол бойынша жобалық-сметалық құжат дайындадық, ол екі бөлімнен тұрады,-деді Баталов.

Оның айтуынша, әуежайдағы ұшу-қону жолағына 4,7 млрд теңге, сондай-ақ әуенавигация мен аумақты қоршау, күзет пен жарықтандыру сияқты жұмыстарға 2,5 млрд теңге жұмсау қарастырылған.
Үкімет бізді қолдап, 4,7 млрд теңге бөлді. Қалған 2,5 млрд теңгені жергілікті бюджеттен бөлетін болдық. Жақында тендр жұмыстарын жүргізіп, жауапты мердігерлерді таңдадық. Бұл жұмыстар биыл атқарылып біту керек,-деді ол.
Ол сондай-ақ жөндеу жұмыстары аяқталған соң әуежай Boeing-737 сияқты ірі ұшақтарды қабылдайтынын айтты. Ол кезде туристер легі де артып, қызмет көрсету сапасы да өзгермек.