Қаулы жобасында құжат 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетіні айтылған.
Фото: Kazinform
ERNUR.KZ. Алматы облысының әкімдігі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметшілерінің айлығына үстемақы төлеу туралы қаулы жобасын көпшілік талқылауына шығарды, деп жазады inform.kz.
Ынталандыру үстемеақысы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 4 саланың ведомстволық бағынысты ұйымдарында жұмыс істейтін жұмыскерлерге тағайындалады. Олар:
1) әлеуметтік қамсыздандыру;
2) білім беру;
3) мәдениет;
4) спорт.
- Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 қарашадағы №29-154 шешімімен ынталандыру үстемеақылар лауазымдық жалақының 25% мөлшерінде белгіленді, - деп жазылған құжатта.
Қаулы жобасында құжат 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетіні айтылған.
Ал құжатты талқылау мерзімі 6 қаңтарға дейін деп белгіленген.
Еске салсақ, Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Мәжілістің кезекті жалпы отырысынан кейін Алатау қаласы қандай қаражатқа салынатынын айтқан еді.