Алдағы тәулікте елімізде 45 градусқа дейін ыстық болады

0
466

Еліміздің солтүстік-батысында, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстікте нөсер жаңбыр жауады.


Алдағы тәулікте елімізде 45 градусқа дейін ыстық болады

ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады inform.kz.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәуліктерде антициклон екпіні циклонды республиканың солтүстік-батысына қарай бірте-бірте ығыстырып, атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді.

Еліміздің солтүстік-батысында, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстікте нөсер жаңбыр жауады.

Ауа температурасы күндіз батыста +23+33°С, солтүстік-батыста +15+28°С, солтүстікте +18+28°С, орталықта +25° +35°C градусқа дейін төмендейді. Ал, республиканың шығысында ауа температурасы +25+37°С, оңтүстігінде +35+45°С, оңтүстік-шығыста +35+43°С дейін көтеріледі.