Алдағы үш жылда Катонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандары қалпына келтіріледі

0
976


Алдағы үш жылда Катонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандары қалпына келтіріледі

ERNUR.KZ. Бұл жайында Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың "Әділетті Қазақстан – Адал азамат" атты екінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Аманат" партиясы бірқатар шекаралас ауданды қалпына келтіру туралы бастама көтергенін білесіздер. Үкімет менің тапсырмаммен бұл мәселені пысықтады. Мен соған сәйкес Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым. Әрине, бұған арнайы дайындық керек. Қажетті есеп-қисабын жасап, қаражатымызға, бюджеттің мүмкіндігіне қарауымыз керек. Тиісті жұмыстың бәрін биыл аяқтап, алдағы екі жылдың ішінде осы үш ауданды қалпына келтіре бастаймыз. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан қарасақ та, өте маңызды мәселе. Осы мәселені көпке созбай, шешуіміз қажет. Жалпы, аудандарды қосу немесе тарату ондағы жұрттың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Шешім қабылдаған кезде халық саны, экономикалық әлеуеті, инфрақұрылымы түгел ескерілуге тиіс", - деген Мемлекет басшысы өзінің аймақтарды, оның ішінде ауылды өркендету ісіне ерекше мән беретінін баса айтты.