Алексей Цой дәрігерлерге қоқан-лоқы көрсетті: Министрлік желідегі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

0
921

Бұл ақпарат WhatsApp мессенджерінде тараған.


Алексей Цой дәрігерлерге қоқан-лоқы көрсетті: Министрлік желідегі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі ведомство басшысы Алексей Цой ауруханалардың бас дәрігерлері мен басқарма жетекшілеріне қоқан-лоқы көрсетті деген желі мен мессенджерлерде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады kaz.nur.kz.

Бұл WhatsApp мессенджерінде кеңінен тарады. Жазбада денсаулық министрі әлеуметтік желілерде дәрі-дәрмек тапшылығы сияқты проблемаларға байланысты ақпарат таратқан дәрігерлерді жұмыстан шығаратыны айтты делінген.


"Денсаулық министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Құрметті азаматтар, әлеуметтік желілердегі жалған жазбаларға емес, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", - деп пікір білдірді ведомство.




Сондай-ақ, министрлік жалған ақпарат тарату үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.