Еліміз биыл 2 сатыға жоғарылап, Гватемала мен Гана арасына орналасты.
ERNUR.KZ. Жыл сайын US News & World Report әлемдегі ең үздік елдердің рейтингін жариялайды. Олардың мәліметтері бойынша 2020 жылы Швейцария ең үздік ел атанды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
ТОП-бестікке Канада, Жапония, Германия және Австралия кіреді. Үздік ондықта, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Нидерланды және Норвегия бар. Бұл туралы Ranking хабарлайды.
Рейтинг тоғыз көрсеткіш негізінде жасалды:
1) кәсіпкерлікті дамыту;
2) туристер арасында танымалдылық;
3) өз азаматтарына қарым-қатынасы (адам құқықтарын қорғау, экология және гендерлік теңдік);
4) мәдени ықпал;
5) тарихи мұра;
6) даму әлеуеті;
7) бизнестің ашықтығы;
8) әскери күш;
9) өмір сапасы.
Қазақстан биыл 2 сатыға жоғарылап, Гватемала (65 орын) мен Гана (67 орын) арасында 66 орынға ие болды. Сөйтіп, Ресейден (23 орын) және Әзербайжаннан (61 орын) қалып қалған.
Қазақстан 9 индикатордың 7-уінде өз позициясын жақсартты, бірақ айтарлықтай емес. Еліміз келесі көрсеткіштер бойынша ең жақсы позицияға ие: әскери күш (36 орын), даму әлеуеті (42 орын) және бизнестің ашықтығы (65 орын).
Ең нашар көрсеткіштер: мәдени ықпал (72 орын), кәсіпкерліктің дамуы (71 орын), туристер арасында танымалдық (70 орын), өз азаматтарына деген көзқарас (70 орын), тарихи мұра (70 орын).